Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

102

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде мәлімделді. Н.Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметіне тоқталды.

Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетелік, бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев армияның қазіргі заманғы әскери және террорлық қатерлердің алдын алу және болдырмау үшін атқаратын рөлінің маңыздылығын атап өткен болатын.

Әрбір қазақстандық өз қауіпсіздігі туралы ойлай отырып, ең алдымен Қарулы Күштерімізге үміт артады. Сондықтан ешқайсыңыз мұны ұмытпауларың керек. Сіздер өздеріңіз әрдайым тас-түйін дайын тұруларыңыз керек және бес қаруларыңыз сай болғаны жөн. Мемлекет өз тарапынан армияға қажетті барлық жағдайды жасауға тиіс. Сіздердің міндеттеріңіз – офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелеу және сапалы деңгейде даярлау,

– деген еді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қарулы қақтығыстардың жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру керектігін, кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлық деңгейін ұдайы арттырып отыруға тиістігін үнемі айтып отырады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз