“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзаханов екінші рет әке атанды.
Бұл туралы әншінің өзі жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің жары дүниеге ұл алып келді.
“Сүйкімдім, інің құтты болсын! Рахмет ақ пейілдеріңізге, құрметті ағайын. Алла перзент сүйе алмай жүргендерге егізін нәсіп етсін. Бақыттымыз шүкір, Алла ұлық”, – дейді Қайрат.