Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Мектептегі білім деңгейін 5-7 жылда көтеруге болады». Мұғалім Архимед не дейді?

222

Математика мұғалімі қарапайым дүниелерді білмейді

— Архимед Мынбайұлы, соңғы 10-15 жылда біздің бастауыш және орта мектептеріміз қандай өзгерістерге ұшырады? Жақсы болсын, жаман болсын, әйтеуір, бір өзгерістер болды ма, әлде сол жартас баяғы жартас па?

— Әлі күнге дейін, білім беру саласының соңғы 25 жылда қай бағытпен жылжып бара жатқанын бағалау қиын.

Жақсы дүниелер айтылып, дұрыс баға беріліп, тәп-тәуір шешімдер қабылдануда. Бірақ соларды жүзеге асыруға келгенде, ақылға қонбайтын қиындықтарға тап болудамыз.

https://kaz.365info.kz/ojbaj-ar-balaga-200-myn-deputat-nazarbaev-mektepterine-khatysty-shyndykhty-ajtty-309537

Қарапайым мысал, бізге жұмысқа орналасуға математика мұғалімдері келеді, атап айтарлығы, университетті қызыл дипломмен бітірген. Соншалықты шектен шығатын ештеңе сұрамаймыз. Мәселен, калькуляторды пайдаланбай, 90-ның 40 процентін есептеп шығаруды өтінсең, үндемейді.

Жүздің квадрат түбірі қанша болады десек, тағы да үндемейді.

Бәрінің айтатыны:

«Ағай, ол кезде мен ауырып қалған едім».

— Әсерлеп айтып отырған шығарсыз?

— Жоқ, артық ештеңе айтып отырған жоқпын. Шын мәнінде дәл солай болған.

Кезінде әріптестеріммен бірге ҚазМУ-дан, педагогика институтарынан қандай да бір білімі бар студенттерді іріктеп алмақшы болған едік, онымыз бекершілік екен. Ондай жастар тым аз болды.

Ал елімізде 8 мыңға жуық мектеп бар, жас мұғалімдердің түрі осы болса, ондағы оқушыларды кім оқытады? Қазіргі мұғалімдердің басым көпшілігі зейнет жасына жақындап қалды, кейбіреулері зейнет жасында. Біразы құрметті демалысқа шыққан. Міне, 20 жылдан асып кетті, пединститутты бітірген жастардың мектепте жұмыс істеуге құлқы жоқ. Кадр тапшылығының күн тәртібіне шыққанына қай қай заман. Біз ол туралы отыз жылдан бері қақсап келеміз.

Шамамен, 15 жыл бұрын қазақ тілінің 152 мұғалімімен кездескен едім. Олардың барлығы қазақ тілінде тамаша сөйлейтін. Бірақ тілді оқыту мәселесіне келгенде, олар оқытуды күрделендіргені соншама, қазақ тілі бейне бірбір алынбас қамал іспетті көрінді. Тура бір қытай тіліндей. Содан не керек, соншама ұғалімнің ішінен мен, шынымен, мықты дерлік, үш мұғалім ғана көрдім.

https://kaz.365info.kz/bar-dese-barasyn-deputat-khyl-sekildimiz-degen-mygalimnin-ozine-yrsyp-tastady-303179

Мұғалімдерді қайта дайындаудан өткізу керек, дейді. Ал оларды оқытатын адам, маман бар ма?! 2017 жылы біз әріптестеріміз кәсіби шеберлігін шыңдау курстарында оқу үшін, қомақты қаржы төледік. Бірақ маған сол курстарда сабақ берген ұстаздардың өздері білімсіз көрінді. Міне,

сол «педагогтердің» бірі маған еш қымсынбастан, құрбақа – сүт қоректі жануар деді.

Еш нәрсені әсерлеп айтып отырған жоқпын.

Мықты мемлекет болам десең – мектепті түзе

— Сонда мектепте ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орындарында да жібі түзу ұстаздардың болмағаны ма?

— Дөп басып айттыңыз. Қазірге таңда педагогика институтына оқуға түсуге ниет білдірген абитуриенттер саны бұрнағы жылдармен салыстырғанда, кем дегенде, жиырма есе аз.

Қоғамымыз бұл мамандықты мүлде беделсіз, ешқандай сұранысқа ие емес мамандық етті.

https://kaz.365info.kz/mektep-m-alimderi-bilim-zh-jesindegi-byly-tardy-ashy-ajta-bastady-229166

Мен мұғалімдердің көше тазалап, аралап жүргеніне, яғни, өзінің қызметтік міндетіне тән емес істермен айналысып жүргеніне наразылық білдірген бір адамды көрмедім. Менің ойымша, біздің қоғамымыз өзіне қатысы жоқ мәселелерге мән бермейтін сыңайлы. Әркім мәселе өз баласына қатысьты болса ғана қозғала бастайды.

— Қарапайым мектептердегі мұғалімдердің айлығы қандай?

— Шамамен, айына 70 мыңдай алады. Бұл барлық қосымша төлемдерді қоса есептегенде. Осыдан үш жыл бұрын республикадағы ең еңбегі сіңген мұғалімнің еңбекақысы, оның көпжылдық еңбек өтілін, барлық қосымша төлемдермен бірге есептегенде, 63 мың теңге болатын. Одан тағы салық ұсталынатын.

Табысты көтеру үшін мектептедің өздері түрлі жолдар қарастыруға мәжбүр. Сөйтіп, олар қорлар құрып, түрлі қамқоршылар тауып, табысты әупірімдеп, 100-120 мыңға дейін көтерген.

https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

— Еңбекақы осындай мардымсыз болса, мектепке кім барады жұмыс істеуге? 

— Жағдайды түзетуге болады. Ол үшін мұғалім мамандығын қаржылық тұрғыдан тартымды ету керек. Мәселен, ауылдағы мектеп ұстазының айлық еңбекақысы 300-330 мың болса, оған олимпиадада жеңіске жеткен шәкірті үшін үстеме ақы төленсе, ауылда мұғалімнен құрметті адам болмаушы еді. Кадр тапшылығы мәселесі атымен құрушы еді.

Бізде бірнеше жылдан бері республикадағы білім саласын қаржыландырудың адам басына шаққандығы үлес бойынша қаржыландырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл дегеніңіз, бір баланы оқытуға, шамамен, қанша қаржы кететіні анықталып, жалпы сома есептеліп, ақша нақты бір мектепке бөлінеді. Жалпы, жаман идея емес. Бірақ бұл жылына 200 мың теңгені құрайтын белгілі бір норматив. Ал оны 12 есе көбейту керек.

Егер қаржы тапшы болса, бір жөн. Алайда біздің елімізде ақша жеткілікті.

Жалпы, бұл мәселені шындап қолға алатын болсақ, бес жыл, ары кеткенде, жеті жыл ішінде біз тамаша жетістіктерге қол жеткізуші едік. Егер біз бай әрі қуатты мемлекет құрғымыз келсе, атам қазақ «ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, бастауыш және орта мектебімізді көтеруіміз керек. Мұны тарихымызда дәлелдеп отыр.

Бағдарламаны мектепке лайықтау керек

— Бес жыл — соншалықты ұзақ мерзім емес, көзді ашып-жұмғанша, өте шығады. Білім беру саласы әр он жылда жаңарып отыруы керек. Атап айтқанда, оқу бағдарламасы.

https://kaz.365info.kz/zhagdaj-zhasajykh-deputat-mygalimderge-protsentsiz-nesie-berudi-ysyndy-303284

Соншама көп мөлшердегі математиканың қаншалықты қажеті бар?

Мен оқыған механико-математикалық факультетте математика қазіргі кейбір мектептердегіден аз болған болатын. Яғни, қазіргі оқу бағдарламалары өте күрделі, ауыр. Егер бұл саладан хабары жоқ адам оның жартысын алып тастаса, оның зиянынан пайдасы молырақ болар еді.

Ендеше, бекерден бекер балалардың басын қатырмай, оларға білімді жас шамасына қарай, шақтап бкерген жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз