Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Мектеп салуға бөлінген ақшаны ұрлап қашқан бизнесмен Чехияда ұсталды

Ведомство мәліметінше,

Чаплинский 2007 жылы “Агат-7” ЖШС-нің директоры лауазымында болған кезінде, мемлекеттік мекемемен Балқаш қаласында мектеп салуға шарт жасасқан. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді енгізіп отырған. Оған 39 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік түскен.

Чаплинский қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен халықаралық іздеуде болған. Бас прокуратура оның елге берілу жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келді. Қазіргі уақытта Чаплинский Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз