Алматы облысында мектеп бітіру кешінде қайғылы жағдай тіркелді. 11-сынып оқушылары жалдамалы коттеджде кеш өткізіп жатқан. Спирттік ішімдіктер ішілген кеште жігіттердің бірі шампурмен сыныптасына шабуыл жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, 17 жастағы Әліби құрдасының қол көтеруінен қызды қорғауға тырысқан. Сол сәтте күдікті оны жүрек тұсына шампурмен ұрып, өлімге себеп болған. Желіде оқиға болған үйдің видеосы тарады. Үй ішіндегі ыдыстар мен ішімдіктер сол күйі қалған, оқиға орнына криминалистерден кейін ешкім кірмеген.