Алматы облысы Райымбек ауданындағы мектептердің бірінің директоры пара алғаны үшін 5 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта келтірілген дәйекке сүйенсек, мектеп директоры А.Ж. есімді бойжеткеннен жұмысқа тұрғызу үшін 100 мың теңге көлемінде ақша алған.
“Мектеп директорына 5 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды”, – делінген хабарламада.