Мексика полициясы Герреро штатында жасырын көмілген 32 адамның мәйітін тапты, деп хабарлады 24.kz.
Бұған қоса 9 кесілген бас шықты. Тергеушілер олар бір апта бұрын елдің өзге штатында табылған 9 денеге тиесілі болуы мүмкін дейді. Қазір мәйіттердің барлығы медициналық сараптамадан өтіп, олардың жеке басы анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл аймақта есірткі тасымалдаушы ірі топтар әрекет ететіндіктен, қылмыс деңгейі өте жоғары.