Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Мейрамбекке жетпейді”. Мөлдір Әуелбекова Төреғалимен ара-қатынасы жайлы айтты

376

https://kaz.365info.kz/bala-mahabbat-toregali-men-moldir-auelbekovany-ne-bajlanystyrady-video-297839

Қаржыға келгенде сараңданып қалатын Төреғали бұл жолы бнейнебаян қаражатын толықтай өзі көтеріп, жомарт бола қалыпты.

«Сол кезде Алтынбек Қоразбаевтың екі әнін қатар орындадық. Енді ескі ән болса да, есті ән деп ойлаймын. Сондықтан тамаша әндерді орындауға мен бірден келістім. Концерт аяқталған соң Төреғали: «Екі әнге бейнебаян түсірейік» деді. Барлығы сол Төреғалидың идеясы.

Қаржының барлығы Төреғалидың қалтасынан шықты», – дейді Мөлдір.

Бұл әнге білек сыбанып, кіріспес бұрын ән авторы Алтынбек Қоразбаевтың рұқсатын да алыпты. Енді аталмыш ән Төреғали мен Мөлдірдің репертуарында қалмақ.

«Мен орындамас бұрын рұқсат алу туралы бірден сұрадым. Төреғали ән авторы – Алтынбек Қоразбаевтан рұқсат алғанын айтты. Бұдан кейін тағы екінші ән бар. Ол ән де халықтың құлағына сіңіп қалған танымал туынды. Қолдан келгенше әнді жаңаша нұсқада шығаруға тырыстық», – дейді Мөлдір.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-shal-moldir-auelbekova-ashulandy-279989

Сонымен қатар, елді шулатқан Төреғалидың Павлодардағы оқиғасына да Мөлдір өз ойын білдірді. Әлі ұрыс-керіс болмаған дейді әнші.

«Төреғалимен жұмыс жасап жатқаныма екі айдан асты. Әзірге ешқандай жағымсыз ситуациялар болып жатқан жоқ. Біздің әріптестік қарым-қатынасымыздың соңы ұрыс-керіспен аяқталады деп ойламаймын. Ұрыс неден туындайды? Екі жақтың түсініспеушілігінен болады.
Біздің арамызда ондай келеңсіз жайттар болған жоқ. Болмайды деп ойлаймын. Қазір жұмыс жасап жатырмыз.

Ауыз толтырып айтатындай бұзық бала, жүріс-тұрысы дұрыс емес деп айта алмаймын.

Жұмысқа келеді, тапсырманы орындаймыз, қайтамыз. Бәрі жақсы», – деп сөзін қорытындылады Мөлдір Әуелбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз