Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Мейрамбек Беспаевтың “алғашқы махаббаты” қазір қайда жүр? (фото)

1162

“Алғашқы махаббат” фильмінде “мылқау” қыздың рөлін, Мейрамбек Беспаевтың ғашығын сомдаған ару Нәзира Бақаева – талантты режиссер Ақан Сатаевтың жары.


Ол жары Ақанмен “Аллажар” фильмінің түсірілімі кезінде танысып, көңіл жарастырған екен.

Бүгінде Нәзира бес баланы тәрбиелеп отырған аяулы жар атанған.

Басынан орамалын тастамайтын әйел Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізіп, елмен  байланыс орнатқанды жөн санайды.


Назира Бақаева мен Ақан Сатаевтың үлкен қызы Марйам да бүгінде өзін актриса ретінде сынап жүр. Ол әкесі түсірген “Районы” кинокартинасында басты рөлдердің бірін сомдаған.


Нәзира тек қана имандылығымен ғана емес, стилі және көркі арқылы да елдің көңілінен шығуда.

Одан кеңес сұрап, жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіретін оқырмандары да көп.


Нәзира Бақаева мен Ақан Сатаев өнер саласындағы түрлі шараларға, кинокөрсетілімдерге үнемі бірге барып, ел көзінен тасаланбайды.

Нәзира фототүсірілімдерге түсіп, отбасылық өмірін қызықты етуге тырысады.

НТК арнасына берген сұхбатында Ақан Сатаев әйелінің киноға түсіп, актрисалық мансабын ары қарай жалғастыруға бөгет болмағанын айтады. Нәзира үйде отырып, бала тәрбиелеу ісін өз еркімен таңдаған.


“Алғашқы махаббат” фильмі арқылы танылған бойжеткен бүгінде өзінен айнымайтын қызы анасының арманын іске асырып, шебер актриса болатынына сеніммен қарайды.

Ақпарат көзі:nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз