Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мегажұлдыз Димаш кім?”. Француз тележүргізушісі қазақ баласын наградаға ұсынды (видео)

201

Тележүргізуші:

– Сіздер мына тамаша дауысты естіп тұрсыздар ма? Бұл – Димаш. Бүгін біз Қытай әлеуметтік желілерінде қызу талқыланып, кеңінен танымал болған осы жігіт туралы айтпақпыз. Ол қатысып жатқан байқаудың алғашқы кезеңінде француз әнін орындап, бірінші орын алып, бірден танымал болды. Сонымен Димаш деген кім? Ол Қытайда неғып жүр?

Телевидение қонағы Димаштың Қазақстан атынан Қытай телебайқауында өнер көрсетіп жатқан кәсіби әнші екенін айтады.

– Ол бұл әнді басқа да халықаралық байқауларда орындаған. Бірақ Қытайда ол ерекше қолдауға ие болды. Ол Даниэл Балавуанның ең күрделі әнін французша орындап шықты.

– Ол үшін оны марапаттауымыз керек қой… Не, сонымен ол жеңді ме?

– Байқаудың нәтижесі сәуір айының соңында белгілі болады. Бірақ қазір бірнеше кезеңі өтті, ол әр кезең сайын жеңімпаз атануда. Ол жас, әдемі, түрі де қытайлықтарға ұқсайды.

Бірақ ол „рақмет„ дегеннен басқа қытайша сөз білмейді, соған қарамастан, ол Қытайда мегатанымал жұлдызға айналды.

Ол тек Қытай телеарналарында ғана емес, Қытайдың әлеуметтік желілерінде де қызу талқылануда.

https://kaz.365info.kz/mynsha-korermen-tyrganda-men-khajda-ketem-dimash-khytajda-khalatynyn-ajtty-video-255245

Қазір бәрінің айтатыны осы бала – Димаш.

Қытай халқы әлеуметтік желіге әбден байланған, ал телевидение өнімдерін бірден әлеуметтік желіден көре аласыз әрі бұл ғаламат нәтижеге ие.

Piere Picquart, француздық телевидение маманы:

– Қытай телеарналары осыған дейін өз өңірінде осындай танымалдылыққа ие болып көрген емес. Бірақ қазіргі телевидение қоғам үшін ашықтық танытып, етене араласуда. Singer 2017 шоуы Қытайдағы ең үздік әншіні анықтайды. Ал жеңімпаз шетелдік те бола алады. Мәселен, осы жас жігіт – қазақ болуы мүмкін секілді.

Marie Dolle, интернет білгірі:

– Димаш – қазақ, ол қытай тілінде сөйлемейді. Бірақ соған қарамастан,

Weibo-дағы (Твиттердің баламасы) оның парақшасына, шамамен, 3 миллион адам тіркелген. Жалпылай алғанда, әлеуметтік желілердегі Димаштың видеосын 1,5 млрд адам қараған.

Piere Picquart, француздық телевидение маманы:

– Қытай халқы көңіл көтергенді, ән салғанды жақсы көреді. Оларға шоу ұнайды, себебі шоуда телеарна арқылы олардың өзін көрсетеді.

Marie Dolle, интернет білгірі:

– Шоу басталғанда ол тікелей эфирден беріледі, ал тікелей эфирде адамдар бірден өзінің көзқарасы мен әсерімен бөліседі. Демек, адамдарға шоуды тамашалап қана қоймай, өз ойымен бөлісіп, өзгелер ол туралы не ойлайды, соны білгісі келеді, сол қызық. Бұл – телевидения мен инертернеттің бірлескен күші. Қытайда интернетте танымал болған адам ықпалды болып саналады, ондай адамдар брендтерді жарнамалауға қолданылады.

https://www.youtube.com/watch?v=0oDB3Lfuv0s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз