Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

Медеу Арынбаев марқұм әйелін жылатқанын айтып өкінді

Өнер иесі тұрмыс болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтынын айтып, өмірінде бірінші рет жекіп қалғанын жасырмады. Оның айтуынша, өмірінің соңғы кезеңінде қатты құлазып жүрген, екеуі орысша сөйлескен екен.

«Бәрі жақсы менде, балаларға қамқор болшы. Біздің балаларымыз әлемдегі ең әдемі балалар» деп айта беретін. Сол кезде-ақ маған ақырындап балаларды тапсыра берген екен ғой. Қазір ойлап отырсам, ештеңе бас ауыртпағанмын. Ол кісінің мамандығы – скрипкашы. Менің табысым жетіп артылса да, жұмыс істегенді жақсы көрді. Бір күні үйге шаршап келгенде тамақ дайын болмапты. Сол кезде дауыс көтердім. Тамақ үшін емес, жұмыс істеп жүргеніне ашуландым. «Менің тапқаным жетіп жатыр, не жетпейді саған?!» деп айқайға бастым. Сосын балаларды киіндіріп, шығыс асханасынан кешкі ас іштік. Лифтіде тұрған уақытта көзінен жас шығып, жылап тұрғанын көрдім. Сол әрекетім үшін өзімді ешқашан кешірмеймін», – деді өнер иесі. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз