Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.