Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Франция елшісін қабылдады

Нұрлан Нығматулин Франциямен жан-жақты және өзара тиімді байланысты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толса, биыл Қазақстан мен Франция арасында стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде сенімді саяси үнқатысумен қатар, түрлі бағытта өзара іс-қимыл табысты дамып келеді.

Мәжіліс төрағасы Еуроодақ еліміздің маңызды сыртқы саяси және ірі сауда әріптесі екенін алға тарта келіп, алдағы уақытта елдеріміз Қазақстан мен аталған одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің әлеуетін толыққанды пайдалана алатындығына сенім білдірді.

Елбасы белгілеп берген 10 басым бағытты жүзеге асыру аясында палата спикері франциялық әріптестердің инновациялық технологиялар, цифрландыру саласын заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесінің қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Елші Қазақстан мен Франция тек саяси, стратегиялық қана емес, экономикалық маңызды әріптестер екенін сөз етіп, болашақта екіжақты және көпқырлы, сондай-ақ парламентаралық ықпалдастықты жан-жақты нығайтуға ынталы екенін жеткізді.

Сонымен бірге, тараптар ынтымақтастық жөніндегі топтар қызметінің белсенділігін арттыра отырып, тұрақты кездесулер мен іс-сапарлар алмасу арқылы парламентаралық іс-қимылды одан әрі дамытатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз