Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мәжіліс депутаты Ассамблеяны жабу керек дегендерге сәлем жолдады

578
Сурет time.kz сайтынан алынды

Өткен аптаның жұма күні Қордай ауданында жаппай төбелес орын алған болатын. Осы қақтығысқа орай әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын сынға алды.  Ассамблеяның жұмысына көңілі толмағандар бұл ұйымды жабу керек деп есептейді.

Ассамблея атынан сайланған депутат Ахмет Мурадов осы мәселеге қатысты:

– “Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек дегендерге менен сәлем жолдаңыз. Ассамблеяны жапқысы келетін сыншыларды бізге келіп, бірге жұмыс істеп, біз жасап жатқан дүниелерді жасап көруге шақырамын”, – деп жауап берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бетімен өмір сүретін қандай да бір жеке бөлім емес,

деп жалғастырды Мурадов.
Ассамблея тек жиын-тойлармен, концерттермен шектеледі деген сынға қатысты депутаттың берген жауабы былай болды:

– “Түрлі мерекелер, фестивальдер мен концерттер ұйымдастырып жататынымыз рас. Ал енді басқаша біз бір-бірімізді қалай танимыз? Бірақ, ортақ міндет, ұлттық мүдде, мемлекеттік бағдарламалар –  бәріне бірдей, ортақ”, – деді ол.

Мурадов қазір Ассамблея Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетудің жолын таңдап жатқанын айтты.

Атап айта кетейік, аудандағы Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында болған қақтығыс салдарынан

176 адам ауруханаға жүгініп, 41 адам ауруханаға жатқызылған. Өкінішке қарай, 10 адам қайтыс болған.

Зардап шеккен азаматтарға барлығына дәрігерлік көмек көрсетіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айту, оларға көмек беру мәселелері ұйымдастырылды. Бердібек Сапарбаев пен Асқар Мырзахметов қайтыс болғандардың жерлеу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

10 қазан күні Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз