Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Массаж жасауға мәжбүрледі”. Тергеушіден қорлық көрген әйел сот кезінде ағынан жарылды

122

Бұл мәселе жабулы күйінде қалар ма еді. Алайда есірткі қылмысымен айыпталған азаматтың әйелі тергеушінің үстінен арыз жазған.

“29 наурызда ол біздің жалдамалы пәтерімізді тінтіп шықты. Артынша байымды алып кетті. Одан 500 грамм марихуана тауып алды. Бұдан сырт, үйімізде 323 мың теңге болған еді. Оның 300 мыңы мына менің жинаған ақшам болатын. Тергеуші Сырлыбайұлы менде екі-ақ жол бар екенін айтты. Оның бірі – бар ақшаны алдым деп қолхат жазып беру. Ол жағдайда жұбайыма тек шартты түрде 4 жыл жазып береді екен. Олай болмаған жағдайда ол біздің үйде жарты келі емес, 1 келі анаша табылды деп жазып, мені де сыбайласы ретінде ұстайды. Бұлай болса, күйеуіме бақандай 12 жыл жаза тағайындалуы мүмкін. Мен не істей аламын? Қорыққанымнан келістім. 323 мың теңгеден тергеуші маған тек 140 мың теңгесін ғана қайтарды”, – дейді арыз жазған А. Сандыбаева.

Тергеуші мұнымен тоқтамаған. Зардап шегуші әйел кәсіби массажист екенін біліп алған.  Әйелдің сөзіне қарағанда, тергеуші оған күні-түні хабарласып, өзіне массаж жасап беруін талап етіпті.

“Амалым қайсы, бұл адаммен арамызда жыныстық қатынас болды. Ол бәрібір де өз дегеніне жетті. Мен айқайламадым да, тырнамадым да. Егер мен айуан болсам, оның тамағынан кеміруші едім. Алайда, біз адамдар әлеміндеміз ғой, мұнда заң бар. Оның үстіне, ол билік өкілінің адамы.

Ең қорқыныштысы, осындай  адамдар өмірден нені қаласа, соны алып жатыр. Оларға бәрі рұқсат етілген”, – деді ол сотта.

Ал тергеуші жақтың қорғаушылары Сандыбаеваның сөзін жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, осы арқылы күйеуін 7 жылға соттап жіберген тергеушіден кек алмақ болған. 

ЕСКЕРТЕМІЗ:

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз