Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Мәссаған!”. 30 миллиард зейнетақы жинағы қайда жұмсалғаны анықталды

Атап айтсақ, еліміздің бас банкі Finance Corporation – 7,52 миллиард теңге, The Export-Import Bank of China – 6,82 миллиард теңге, Export-Import Bank of India – 4,86 миллиард теңге, Three Gorges Finance – 3,21 миллиард теңге және Avi Funding Company Limited – 2,27 миллиард теңге қаржы құйған.

Бұл кәсіпорындар мен банктер – Қытай және Үндістандағы мұнай-газ, көлік және энергетика саласында жемісті еңбек етіп жатқан мекемелер. Олар мемлекеттің бақылауында көрінеді. Бұл елдерден бөлек зейнетақы қорының қаражаттары Бразилия, Ресей, АҚШ сияқты дамыған елдердің бағалы қағаздар нарығында пайда әкеліп жаыр екен.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі қаражатын, яғни 78 пайызын, қазақстандық компаниялар инвестиция түрінде пайдаланып отыр. Ал шетелдік нарықтағы облигацияларды сатып алуға кеткен қаражат көп емес. Ол қорға жинақталған қаржының 1,3 пайызын құрайды. Айта кету керек, 2018 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша қордың қаражаты 8 триллион теңгеден асады. Тек соңғы бір айда ол 128 миллиард теңгеге өткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз