Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Масқара!”. Талдықорғанда кісі қағып өлтірген судьяның баласы босап кетті

https://kaz.365info.kz/al-khajtesinder-shygyp-aldym-baj-balasy-makhsat-ysenov-kimmen-eregesip-zhyr-foto-270956

Осы фактіге байланысты Ескелді аудандық ішкі істер бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы, яғни “Абайсызда адам өліміне ұшыратқан жол қозғалысы ережесін бұзу” бойынша іс қозғаған.

“Сот-медициналық сараптамаларының қорытындысына сүйенсек, Ш.Нысанбаева апат кезінде денсаулығына келтірілген ауыр зақымның салдарынан көз жұмған. Сондай-ақ медициналық құжатта апат кезінде жүргізуші Амал Валимовтың мас емес, „сау„ болғаны жазылған. Оған қоса, апат жасаған көлікте техникалық ақау болмағаны туралы тағы бір сапатама құжаты бар. Осы секілді тағы бірқатар сараптама қорытындылары бойынша Амал Валимов бұл істе күдікті боп танылған”, – делінеді ресми құжатта.

https://kaz.365info.kz/bas-prokuror-atyshuly-ma-sat-senov-isi-bojynsha-t-sinikteme-berdi-212657

Полициядағылар Амал Валимовтың амнистияға ілінгенін растады.

“2017 жылдың 11-мамырында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған „Амнистия туралы„ ҚР Заңының 2-бабына сәйкес, бұл қылмыстық іс кілт тоқтатылды„ дейді полициядағылар.

Белгілі болғандай, Амал Валимов 2011 жылдан бастап ішкі істер органында жұмыс істеген. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанда полиция лейтенанты жұмысынан қуылған.

Сондай-ақ редакция осы мәселеге қатысты ҚР Жоғары сотының судьялар одағының сот этикасы туралы комиссиясына хат жолдап, жауап алыпты.

Олар тура осы мәселеге қатысты өздеріне аноним хат кеп түскенін айтты.

https://kaz.365info.kz/khazirgi-khazakh-bajlarynyn-yl-khyzdary-khalaj-shalkhidy-268919

“2018 жылдың 24-қаңтарында осы оқиғаға қатысты бізге анонимді хат келіп түсті. Заңға сәйкес, анонимді арыз қарауға жатпайды. Сондықтан комиссия тексеру жүргізген жоқ. Енді редакция тарапынан шағым түсіп отыр. Біз бұл шағымды ҚР судьялары одағының Алматы облысындағы филиалының сот этикалары жөніндегі комиссиясының қарауына жолдаймыз. Ал олардың әрекеті туралы алдын ала сіздерді хабардар етеміз”, – делінген ҚР Жоғары сотының Судьялар одағы филиалының соттар этикасы жөніндегі комиссиясындағылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз