Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

Еске салайық, 2018 жылы мамырда қазақстандық банкир және кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей астанасындағы  “Москва-Сити” бизнес орталығының маңында ұсталған болатын. 11 мамырда Пресненск аудандық соты оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған.  13 маусымда Мәскеу прокуроры Ертаевты тергеу абақтысына қамауды және ары қарай Қазақстанға қайтаруды талап еткен. Алайда сот Ертаевты үй қамағында қалдырды.

Ал Қазақстанның ІІМ өкілдері “Bank RBK” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ертаев 80 миллион долларды жалған ЖШС арқылы несие түрінде шығарған және ол қаржыны қайтармау әрекеттерін жасағанын айтады. Ертаевқа қатысты ҚР ҚК-нің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қозғалды.  Қазір Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатыр.
э

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз