Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Мәскеуде Ресей мен Қазақстан Президенттерінің келіссөздері басталды

Мәскеуде Ресей мен Қазақстан президенттерінің екіжақты келіссөздері басталды, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

“Кремльде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөздері басталды. Кездесу жалғасуда. Кездесу туралы толық ақпарат сайтта жарияланатын болады”, – деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын. Президенттің баспасөз хатшысы атап өткендей, Мемлекет басшылары Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасуда. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері қаралады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз