Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Масанчидегі бүлік алдын ала жоспарланған болуы мүмкін

625

Қордайдағы бүлік алдын ала жоспарланған деп есептейді сарапшылар. Біздің қоғамымызда көп жылдан бері келе жатқан этносаралық келісім мәдениетін сақтап қалуымыз керек. Біреулерге тұрақтылықты бұзу пайдалы болуы мүмкін. Ондайларды жазалау қажет.

Бұл жағдай кімге тиімді болуы мүмкін

Саясаттанушы Юрий Булуктаев әзірге қоғамдағы, сондай-ақ ұлтаралық саладағы тыныштықты сақтап тұрмыз дейді. Осы бағытта ары қарай жұмыс істей беруіміз керек, бірақ

бүгінде белгілі бір адамдардың тұрақтылықты бұзуға мүдделі екені белгілі болды

Нақты айтқанда, саясаттанушы Масанчи ауылындағы жағдай  — алдын ала ойластырылған арандатушылық екеніне сенімді. Тапсырыс берген адамдар мен олардың мақсаты әлі де белгісіз.

— Қақтығыс алдын ала ұйымдастырылғаны сөзсіз. Полиция қызметкерелері «Молотов коктейлі» пайдаланылғанын анықтаған. Ал оны алдын ала дайындау керек. Бұған қатысты басқа да фактілерді келтіруге болады, — дейді Юрий Булуктаев.

Осындай арандатушылықтарға дайындалғанда ұйымдастырушылар кез келген түсініспеушілікті өз пайдасына жаратады. Ал бұндай себеп экономикалық және де әлеуметтік салаларда көптеп кездеседі. Тапсырыс берушілер осындай түсініспеушілікті қажетті арнаға бұрып, падалануға тырысады.

— Болған оқиға —  тұрақтылықты бұзу үшін жасалған әрекет.

Нақты айтсақ, бұл тексеру әрекеті және бұдан да үлкен тәртіпсіздікке дайындық болуы мүмкін

«Түрлі-түсті революция» да осылай алдын-ала дайындықпен басталған. Әлеуметтік желілерге маңызды рөл беріліп, қауесет және арандатушы әңгімелер таратылды. Қақтығыстан кейін тіпті Алматы қаласындағы базарларды талқандау туралы үндеу тарады, ал ол екі миллион халқы бар қала, —  деді саясаттанушы Юрий Булуктаев.

Ендігі жерде билік тапсырыс берушілерді табуы керек. Ашық тексеру жүргізіліп, оның нәтижесін халықтың алдына жариялау керек.

— Ең бастысы, ұйымдастырушылар келесі жолы ойланатындай жаза қолданылуы керек, — деп әлімдеді Булуктаев.

Сондай-ақ саясаттанушы

жалған «патриоттарды»  бақылауда ұстау керек. Олар сырттан келген нұсқауға сүйеніп, әрекет етуі мүмкін

Біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісім дәстүрі берік орнаған. Оларды ары қарай сақтап, ешкімнің арандатушылығына түспеуіміз керек.

Бәріне дайын болуымыз қажет

Саясаттаушы  Замир Каражанов  біз бейбітшілік пен келісімді сақтап отырмыз деп есептейді.

— Егер елімізде тыныштықты сақтауға бағытталған шаралар атқарылмаса, бұдан да үлкен қақтығыс орын алар еді. Сондықтан елімізде сенім мен байланыс мәдениетінің деңгейі өте жоғары, — деп есептейді.

Сарапшы болған жағдайға қоғам бейжай қараған жоқ деп атап өтті. Адамдар  зардап шеккендердің ұлтына қарамастан көмектесуге дайын болды.

Сондай-ақ неге аса назар аудару керегі белгілі болды.

— Жергілікті билік былайша айтқанда жағдайды уысынан шығарып алды. аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстарды қайта қарау керек.  Мәселен, кейбір бір ұлтты ауылдарда да осындай қақтығыстар орын алуы мүмкін.

Ұлттық саладағы жалпы саясат бұл жағдайға сәйкес келмейді

Оған басқа амал-әрекеттер қолданылуы керек. Жалпы алғанда бұл тек Қазақстанның проблемасы емес, ол күллі әлемде бар проблема, — дейді саясаттанушы.

Қауіп-қатерлерді, жағдайды уақытылы бақылауға алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізіп, барлығына дайын болу керек. Қордай ауданында жағдайды бақылаудан шығарып алдық.

— Біздің міндетіміз — қоғамның тыныштығын сақтау. Бұлай болмаған жағдайда барлығы зардап шегеді. Тіпті жергілікті қақтығыстардың өзі экономикаға, әлеуметтік салаға өз әсерін тигізеді. Бұған жол беруге болмайды, — деді Қаражанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз