Ішімдікке тойып алған ер адам Toyota Ipsum автокөлігімен қаланың шекарасында тұрған блок бекетті соғып өтіп кетпек болған.
Оқиға 2 сәуір күні Алатау ауданындағы Жаңа ғасыр көшесінде болды деп хабарлайды Polisia.kz. Жүргізуші жылдамдықпен келіп шектеу бекетіндегі металл турникетті қиратып, кейін автокөлік тұрағында тұрған полиция көлігіне, сондай-ақ басқа екі көлікті соққан. Нәтижесінде бір полиция қызметкері ауыр жарақат алды: оның екі аяғы сынған, ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматты дереу тұтқындады. 50 жастағы ер адам Қарасай ауданының Көксау ауылының тұрғыны. Алдын ала белгілі болған ақпаратқа сәйкес құқық бұзушы көлікке ішімдік ішіп немесе есіркі қабылдап отырған. Полиция болған оқиғаға тексеру жүргізуде, қылмыстық іс қозғалды.