Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Мас адамды тепкен дәрігер туралы шулы бейнежазбаға қатысты түсініктеме берілді

Осы ретте Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің және осы облыстағы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен бұл оқиғаға байланысты ҚазАқпарат агенттігі мән-жайды анықтады.

Дәрігерлер көшеде ессіз жатқан бұл адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

– Бұл бейнетүсірілім әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Шын мәнінде, ол жердегі жағдай олай болмаған. Өткен жұма күні кешқұрым ол кісі ессіз жатқаннан кейін, адамдар жедел жәрдем қызметін шақыртты. Мәлімет келіп түскен соң, жедел жәрдеммен кардиологиялық бригада аталған жерге барып, есін білмей жатқан жасы 50-ден асқан адамға тиісті көмегін жасайды.

Белгілі болғандай, ол адамның үсті-басы құсық, топырақ болған. Жедел жәрдем қызметкерлері оның бетін жуып-тазалап болған кезде, жаңағы ессіз адам дәрігердің (тепті деген дәрігер) үстіне құсып қояды. Дәрігер үстіндегі қызметтік киімін бүлдіріп алғанына қарамастан, қажетті алғашқы көмек шараларын жалғастыра береді. Адамның қан қысымын, қант деңгейін өлшеп болғаннан кейін, бұл кісі ішімдікке қатты масайғаны анықталды,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Бектайқызы.

Басқарма мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған бейне түсірілімдегі мас кісі өзінің аты-жөнін айта алмаған көрінеді.

– Полиция келгенше дәрігер бүлінген киімін басқасына ауыстыруға тура келген.

Жаңағы бейнетүсірілімде дәрігер оны тебуге әрекеттенбегенін, өзін-өзі қорғау үшін, екінші рет киімін тағы да бүлдіріп алмас үшін аяғын абайсызда сермеп қалғанын айтып жатыр.

Атап айтқанда, бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жасадық.

Ол жерде дәрігерлер өздерінің қызметтерін толық орындады. Жалпы, ол кісі күнделікті алкогольдік ішімдікке салынған адам екені анықталып отыр және оны сауықтыру орнына жатқыздық. Отыз жылдан астам қызметте жүрген бұл дәрігер ешқашан ескерту алмаған білікті кардиолог,- деп толықтырды Нұржамал Бектайқызы.

Өз кезегінде облыстың ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері қоғамдық жерде алкогольдік ішімдікке масайған адамды тексеру үшін жедел жәрдем шақыртылғанын нақтылады.

«Тексерілгеннен кейін, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесе аталған азамат Қызылорда облыстық наркология орталығына жеткізілді. Атап айтқанда, бұл кісі наркологиялық диспансерде есепте тұр», – дейді баспасөз қызметі.

https://www.youtube.com/watch?v=_H4euN3JHdQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз