Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-5
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Марат Омаров қызына бейнебаян түсіріп берді

157

Бұл кешке әдеттегідей отандық шоу-бизнес өкілдері көп жиналмады.

«Жоқ, ренжімеймін. Қазіргі заман біреуге өкпелейтін заман емес. Мүмкін, әркімнің өз шаруасы шығып қалған шығар. Бірақ, өзімді қай жерге қонаққа шақырса да кешікпей әрі қалмай баруға тырысамын. Себебі, қазақта «шақырған жерден қалма, шақырмағанға барма» деген әдемі сөз бар», деп іштегі өкпесін аз –кем шығарып қойды Марат мырза.

Әншілер қауымы бой көрсетпеген тұсаукесер рәсіміне ақын Иран-Ғайып, әнші Жанар Дұғалованың анасы Рая ханым, Бүркіттің әпкесі секілді аға буын жиналды.

Кеш шымылдығын күмбірлеген домбыра дауысы ашты. Кейін жиналғандар Маратқызының әдемі биіне тамсана қарады. Кейін әрине, көптен күткен бейнебаянның тұсаукесері өтіп, алғаш болып келген қонақтар тамашалады.

«Маған ұнады. Ұлттық нақышта түсірілген әдемі туынды екен. Бұған дейін тек тизерін көрген едім. Дәл қазір дән риза болып, көңілім толып тұр» деп қуанышын жасырмады Мараттың тұңғышы Зарина.

Сіңілісін құттықтап келген әнші Зарина Омаровада бұл кеште өзінің жаңа әнінің тұсауын кесті.

«Бүгін «Қызым» деп аталатын әнді орындадым. Бұл әнді осыдан он жыл бұрын мен ұзатылған кезде әкем мен анам дуэт ретінде орындаған болатын. Алла қаласа, Бибімариямның ұзату тойында орындаймын деп сенемін» ,-дейді сұлу бикеш.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз