Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Маңызды кездесу”. Асқар Мамин мен Дмитрий Рогозин «Байқоңырды» дамыту жайын нақты талқылады

Естеріңізе сала кетелік, бүгінгі таңда таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері жан-жақты талқыланып, пысықталып жатыр. Сонымен қатар, Мамин мен Рогозиннің арасындағы кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегі талқыланды.

Маңызды құжат 

Айта кетелік, бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» жобасын қаржыландыруға қатысты хаттамаға қол қойған болатын. Сол жолы «Роскосмос» Ғарыштық қызметі бойынша мемлекеттік корпорацияның Бас директоры Дмитрий Рогозин мен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов кездескен-тұғын. 

Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» жобасын қаржыландыруға қатысты хаттамаға қол қойды

Кездесу «Әскер-2018» халықаралық форум алаңында өткен.

Іс-шара аясында қазақстандық және ресейлік тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін (ҒЗК) құру жөнінде Үкіметаралық  келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойған.

Аталған құжатқа қол қоюы қазақстандық тарапқа бұл жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге кірісуге мүмкіндік беретіні атап өтілген еді. Сонымен қатар, кездесу шеңберінде екі жақ басқа да бірлескен жобалардың іске асу барысы мен «Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту мәселелерін талқыланған.

 

Анықтама

«Бәйтерек» ҒЗК құру «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қазақстандық-ресейлік негізгі бірлескен ғарыштық жоба болып табылады.

Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» жобасын қаржыландыруға қатысты хаттамаға қол қойды

Аталған жобада қазақстандық тарап «Зенит-М» ҒЗК-нің жерүсті ғарыштық инфрақұрылымын жаңғырту үшін жауапты, өз кезегінде ресейлік жағы орта тапты жаңа «Союз-5» ЗТ құру үшін жауапты.

2017 жылдың 13 маусымда «Байқоңыр» кешені бойынша ҮАК 5-ші отырысы барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» ҒЗК құруын жылдамдатуды ұсынды: оның ұшу сынақтарын 2022 жылы бастау және басқарылатын ұшыруларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру.

Қазақстандық тарап бұл ұсынысты қолдады.  2017 жылдың 12 желтоқсанда 2017-2022 жылдарға арналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру бойынша жол картасы және «Бәйтерек» жобасын іске асыру шарттары бекітілді.

Ал бүгінгі таңда «Байқоңыр» кешені бойынша ҮАК 5-ші отырысында қабылданған шешімдерінің негізінде қазақстандық жағы «Байқоңыр» ғарыш айлағының 42, 43 және 45-алаңдардағы «Зенит-М» ҒЗК-нің жерүсті ғарыштық инфрақұрылымның барлық 243 объект қабылдады.  

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз