Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
7
USD
475
0.00
EUR
504
0.00
RUB
4.88
0.00

Маңғыстауда бір мектеп латын әліпбиін үйретудің ерекше тәсіліне көшіпті

112

Гүларша Нұрмағамбетова, «Шетпе гимназиясы» ММ директоры:

– Екіншіден, олардың жүру әдебін түзету мақсатында жасадық. Жасағанымызға бүгін төртінші күн, қоңырау арасында әдейі бейнебақылаудан қарап отырамын, бұл мақсатқа біз жеттік пе? Жеттік деп ойлаймын, себеб, ең бірінші күні мұғалім қолына қағаз-қалам алып, сабақ арасында өзінің атын жазып үйренді. Ұжым да, бала да жақсы қабылдады деп ойлаймын.

Мәди Мәліков, 11-сынып оқушысы:

– Гимназия мұғалімдері күнделікті сабақ беру барысында жаңалықтар енгізіп тұрады, сол жаңалықтардың дәлелі ретінде екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарға латын әліпбиі орналастырылған болатын. Латын әліпбиіне ең алғашқы қадамдар біздің мектепте басталып жатқанына өте қуаныштымын. Күніне кемінде 10 рет көтеріліп, түсеміз десек, дәл осы латын әліпбиі санамызда жатталып қалады десек те болады.

15 жылдық тарихы бар Шетпе гимназиясын бас-аяғы 160 оқушы бітіріп шыққан. Былтыр 22 түлек «Алтын белгіге» ие болса, тағы 18 бала үздік аттестат алған. Шетпе гимназиясының оқушылары үшін «Табыс» партасының орны ерекше. Мұнда оқуда озат, үлгілі тәртібімен өзгелерге үлгі, гимназия өміріндегі жаңалықтарды әлеуметтік желілерде тұрақты жариялап отыратын белсенді оқушылар ғана жайғаса алады.

«Табыс» партасына оқушылар әр апта сайын кезектесіп отырады. Олар сабақтан тыс уақытта екі кітап оқып, ұстазы қойған сұрақтарға жауап беру арқылы түсінігін байқатып отырады. Айта кетейік, жас мұғалімдердің дені осы жерде білім алған. Еуразия ұлттық университетінің түлегі Сандуғаш Аманқосова қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ береді.

Сандуғаш Аманқосова, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

– Студенттердің көбі Астанада, Ақтау қаласында қызмет етіп, қалып жатады. Бірақ мен өзім Шетпе ауылына, 11 жыл бойы білім алған Шетпе гимназиясының білімін көтеруге, көркейтуге атсалысқым келіп, 3 жыл қатарынан қызмет етіп келемін. Жалпы осы қызмет еткен жылдарымда аудандық, облыстық дәрежеде орын алып жүрген оқушыларым жетерлік.

Шетпе гимназиясы 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Мұнда жылына 20-дан аса бала қабылданады. Одан артық алуға сынып кабинеттері жеткіліксіз. Бұл үшін кемінде 4 қабатты кешен керек. Қазір бұл мәселе Маңғыстау ауданы әкімдігінің қарауында жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз