Бүгінде тойда ақшаны уыстап шашатын маңғыстаулықтардың беташарлары ел аузында. Ақшаны қарша жаудырғандардың видеосы елдің қызу талқысына түсуде.
Алайда бұл өңірде шашуға тек ақша ғана емес, пәтер мен көлік кілттерін де шашатындар аз емес екен. Мәселен, тағы бір қалталы азамат беташарда 8 көліктің кілтін лақтырған деп хабарлайды KUN.KZ.
https://kaz.365info.kz/tojda-dollardy-uystap-shashkhan-mangystaulykh-eldin-ashuyn-tugyzdy-video-322502
«Бізде келінді алып келген күні бүкіл туысқа көрсетпей жатып ресми бетін ашамыз. Оңтүстіктегідей тойдың алдында ашу деген ұят саналады. Расымен де келіннің жүзін ешкім көрмеуі тиіс. Бетін ашқанда барлық халық шашу шашып, көрімдігін береді. Әдет бойынша келін түскен үйдің ағайындары қалтасына қарай шашу шашады», – дейді асаба Елдос.
Бұдан бөлек, асаба тойда алтыннан, пәтер мен көлік кілттерінен шашу шашқандар жайлы да айта кетті.
https://kaz.365info.kz/uystap-dollar-shashty-betashardy-osylaj-otkizu-kerek-pe-248241
«Бізде пәтер кілтін шашқандар да болды. Осы екі апта бұрын Ақтауда жақсы қызмет ететін кәсіпкер ағамыз ауылдағы інісін үйлендірді. Ауқатты әулет. Бүкіл туыстары ауылдағы қара шаңыраққа жиналды. Сол күні ең қымбат шашу 8 Lada Granta көлігінің кілті болды», –
дейді ол. Әңгіменің жалғасын мына сілтемеден оқи аласыздар.