Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Маңғыстауда ауруханаға түскен сарбаздың диагнозы жарияланды

27 қыркүйекте оны дерматолог қарап шығып, әскери госпитальға жіберді. Сонда респираторлық ауруға шалдықты деген диагноз қойылды.

30 қыркүйекте оның температурыса қатты көтеріліп кетті. Басы айналып, құса бастады. Кешке қарай облыстық ауруxананың жансақтау бөліміне жеткізілген», – деді эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекшісі Роза Қожапова инфекциялық аурулардың алдын алу штабының отырысында.

Оның айтуынша, сарбаз ауруxанаға түскеннен кейін әскери бөлімшеде оған жақын жүрген барлық адам тексерістен өткен. Тексерілгендердің жалпы саны – 350 адам. Сол кезде 18 адам денсаулықтарының нашарлағанын айтты. 12 сарбаз бірден инфекциялық ауруxанаға жеткізілді. Бір адамға суық тиген екен. Қалған 11 сарбазда назофарингит анықталды. Тағы 6 адам әскери бөлімшенің өзінде емделетін болды.

Бас санитар Жандарбек Бекшиннің сөзіне қарағанда, Маңғыстаудағы сарбаздың диагнозы – іріңді менингит.

«Меніңше, сондай диагноз қойылады. Ондай ауру стрептококтың асқынуынан болады. Бұл менигококк инфекциясы емес. Іріңді менингит – барлық аурулардың асқынған түрі. Ондай ауру ауамен тарамайды. Ал менигококк инфекциясы ауамен таралады. Дегенмен, іріңді менингит те адам өміріне өте қауіпті. Қазір оның жағдайы ауыр», – деді Ж.Бекшин журналистерге берген сұxбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз