Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында екі адам қаза тапты.
Тұрғындардың бірі компания қызметкерлерін өз пәтерін бүргеден тазалауға шақырған. Қызметкерлер келіп тазалау жұмыстарын атқарған соң, алты көршісі ауырып қалады. Олардың екеуі қайтыс болды. Бірі 29 жастағы әйел, бірі 2 жасар бала.
Қайтыс болған әйелдің енесінің айтуы бойынша, ешкім оларды үйде жәндіктерді улау жұмысы жүретінін ескертпеген.
Олардың бәрі ауруханаға түскен кезде отбасымен бірге үйде тамақтанған.
Дәрігерлер улану тамақтан емес, токсикологиялық түрде болғанын растады. Бүргелерде ауаға улы зат тарататын затпен өлтірмек болған. Ол адамдарға әсер еткен.
Дәрігерлер 2 жасар қызды әжесі қайта сол үйге апармағанда аман алып қалуға болар еді деп отыр.
ҚР ҚК-нің«Абайсызда адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Компания дезинфекция қызметі туралы тұрғындарға ескертілгенін айтады. Тапсырыс беруші пәтерін тазалау кезінде үйінде болмаған. Ол қолхат жазып босатылды.