Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Маңғыстау облысының әкімі парамен ұсталған орынбасары туралы пікір білдірді (видео)

177

Бұл туралы Ералы Тоғжанов азаматтық сектор өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті. Кездесу Facebook желісі арқылы тікелей трансляцияланған еді.

Кездесуде әкімге парамен ұсталған орынбасары жайлы не ойлайтындығы туралы тікелей сұрақ қойылды.

Сөйтсе әкімнің істі боп жатқан өз орынбасарына тағар ешқандай кінәсі жоқ екен. Керісінше, оған өз ризашылығын білдіріп отыр.

“Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Облыстық аппарат қызметкері, функционалды қызметтердің атқарған қызметкер ретінде оған наразылығым жоқ. Барлық экономикалық көрсеткіштерді көтердік, 100 пайызға жеткіздік.

Ал оның ісіне қатысты айтар болсақ, бұл енді құқық қорғау органдарына қойылуы керек сұрақ. Осы істе нақты шешімді сот шығарады”, – деді Тоғжанов.

Еске салайық, 5 қарашада Аманғалиев сот санкциясымен екі айға қамалды. Оған сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылды және ұсталған кезде одан 115 мың еуро көлемінде қаражат тәркіленген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз