Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

111

Соттағылардың айтуынша, күдікті екі айға қамауға алынған.

“Ақтау қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 5-қарашадағы қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Тергеу департаментінің Аманғалиев Серік Қалешұлын екі айға қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды”, – деп хабарлады соттағылар.

Аманғалиев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы аса ірі жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері 2018 жылдың 3-қарашасында сағат 18.40-та Ақтау халықаралық әуежайында Аманғалиевті ұстады, одан 115 мың еуро сомасындағы қаражат тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөліміне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр”, – деді баспасөз қызметіндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз