Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Маңдайынан ат”. Киллер жалдап, әйелін өлтірмек болған еркектің масқарасы шықты


Айтылған әңгімелерге қарағанда, Джеффри әйелінің сақтандыруын алмақ болған деседі. Оның өмірі бір миллион АҚШ долларына сақтандырылған. Ол Шейн деген адамды жалдап, әйелін өлтіруге тапсырыс берген.
Джеффри Шейнге жіберген хатында былай деген:

“Сәлем,Шейн! Қалайсың? Менің әйелімді өлтіруге көмектесетініңді айтқаның есіңде ме? Мен сенің ұсынысыңды қабылдаймын деп шештім.”

https://kaz.365info.kz/ozin-khys-tikelej-efirde-bayan-esentaevanyn-maskharasy-shykhty-262168

 

Сондай-ақ басқа хаттарында Джеффри киллерге келіскен сомадан артық ақша тапқысы келсе, қызын да бірге өлтірсін деген. Қыздың өмірі 500 мың долларға сақтандырылған.
Джеффри  әйелінің өлімі кездейсоқ немесе тоналмақ болған секілді жасалсын деп бұйырған. Ол  Шейнмен ақшаны теңдей бөлісуге уәде берген.


Алайда, Джеффри хаттарды байқаусызда өзінің бұрынғы бастығы Роберт Александрға жіберіпті. Әрине, Джеффридің экс-бастығы  хаттарды оқыған соң бірден полиция бөлімшесіне хабарласқан.
Джеффри қамалған соң, бұл хаттарды жібергісі келмегенін айтады. Оның сөзінше, хаттар телефонның бір папкасында сақталған. Бірақ, 4 жастағы қыздары абайсызда жіберіп қойған, дейді ол.


Сонымен қатар, Джеффри әйелі мен қызында ешқандай сақтандыру болмағандығын айтқан. Алайда, әйелі оның сөздерін жоққа шығарды. Рода Мее отбасында қаржылық қиыншылықтар болғанын да жасырмайды.


Джеффриге адам өлтіруге талпынған әрекеттері үшін айып тағылған. Ол Снохомиштегі тергеу изоляторында 1 000 000 долларға кепілдікке алынған.

https://kaz.365info.kz/shetinen-topas-talgat-temenov-tokhal-filminin-maskharasyn-shygardy-256976

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз