Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мамыр айында қазақстандықтар 60 киллограмнан астам алтын сатып алған

244
Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Алтын құймаларды сатып алу мүмкіндігі 2017 жылдың 31 мамырында пайда болды. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (беті айна секілді, микромәтін, рельефті қыр) және оларды механикалық зақымданудан қорғайтын, оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы қаптамада шығарылды.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында қазақстандықтар банктер мен айырбастау пункттерінен 1 467 алтын құйма сатып алған. Жалпы салмағы – 62 килограм 165 грам. Бұл айтарлықтай көп.

Өткен кезеңдегі Ұлттық банктің деректерін ескерсек:

  • орташа есеппен 2017 жылдан бастап  2020 жылдың сәуір айына дейін ай сайын 700 құйма сатылды. Мамырдағы көрсеткіш орташа деңгейден 2,1 есе жоғары;
  • орташа есеппен айына 22,368 кг алтын сатылды.  2020 жылдың мамыр айындағы көрсеткіш 2,8 есе жоғары;
  • өткен кезеңде сатып алынған құймалардың орташа салмағы шамамен 32 г. мамырда шамамен 42,4 г. Яғни үштен бір есеге артық.

Басқаша айтқанда, қазақстандықтар салмағы жоғары құймаларды да сатып ала бастады.

Сатылымның жартысы Алматыда жасалған

2017 жылдан бастап халыққа жалпы салмағы 845 кг 60 г болатын 25 968 алтын құйма сатылды. Бұдан кейін:

  • 5 г – 6 050 дана (23%),
  • 20 г – 4 966 дана (19%)
  • 50 г – 3 050 дана (12%)
  • 100 г – 4 933 дана (19%)

Алматы қаласы алтынды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы (сатудың жалпы көлемінің 50,3%-ы). Одан әрі Атырау (18,4%), Нұр-Сұлтан (11,4%) және басқа өңірлер (19,9%).

Айта кету керек, құймаларды сатуға болады, бірақ бұл қызмет сұранысқа ие емес. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, жалпы салмағы 3 010 г болатын 106 құйманы қайта сатып алған. Бұл алтын құймаларының инвестициялау мен жинақтарды жинақтаудың ұзақ мерзімді құралы болуымен байланысты.

Алтын сатып алу пайдалы ма?

Алтын қазір ең табысты құралдардың бірі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша теңгемен есептегендегі құны 19,7%-ға өсті. Егер жылдың басында бір грамның ресми құны 15,9 мың теңгені құраса, соңында – 19 мың теңге дейін жетті. Ары қарай да өсуі жалғасуда.

12 маусымдағы бір грамның ресми құны 22 243,2 теңгені құрады. Бұл жыл басына қарағанда 3,2 мың теңгеге немесе  16,9%-ға көп

Наурыз айының екінші жартысында өсе бастады. Теңгенің әлсіреуі мен әлемдік бағаның өсуі алтынның қымбаттауына алып келді. Екі аптаның ішінде бір грамының бағасы 2,5 мың теңгеге қымбаттады.

24 сәуірде алтынның бағасы 24 007,48 теңге болып, өзінің тарихи шыңына жетті. Осыдан кейін бағасы төмендей бастады. Айдың соңына қарай алтынның бір грамының бағасы 23 мың теңгеден төмен түсті, ал 9 маусымда өзінің жергілікті минимумына жетті – 21,6 мың теңгеден сәл жоғары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз