UCNLive.com сайтының тілшісі Райан Скалия Қанат Исламның (25-0, 20 КО) Брэндон Кукке (18-1, 11 КО) қарсы кездесуіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.
“Бұл Қанаттың шаршы алаңдағы ең үздік жекпе-жектерінің бірі болуы мүмкін. Әсіресе, соңғы уақыттағы аса тартымды емес кездесулерінен кейін”, – деп жазады Скалия.
Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам 9-раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша өзінің бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша белдіктерін сақтап қалды.