Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Маман апатқа ұшыраған ұшақтың техникалық ахуалы туралы ащы шындықты айтты

Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен де ескі ұшақтар әуеге көтеріліп, ел азаматтарының өмірін қатерге тігуде. Дәрігерлер де осы саладағы осындай келеңсіздіктің құрбаны болып отыр.

https://kaz.365info.kz/ketsem-dep-zhyrgen-yshakh-apatynan-khaza-tapkhan-professor-en-auyr-otalardy-zhasagan-283072

“Ұшақ жақсы, бірақ қазіргі уақытта ешқандай техникалық қызмет көрсетілмейді. Ондай қозғалтқыштарды шығарған зауыт 10 жылдан бері жұмыс істемейді. Мендегі ақпарат бойынша, бір жыл бұрын бұл ұшақтардың бірінің қозғалтқышы жанған. Сонда не істеді дейсіз ғой? Бір жерін жөндеп, сонымен қайта ұша бастады. Ұшақ, әрине, өте ескі. Ондай ұшақпен ұшуға әрі жолаушыларды тасымалдауға болмайды.

Ескі ұшақтардың бөлшектерін алып, екіншісіне салып, жөндегендей болады. Осындай ұшақтарға ұшуға, адамдарды тасымалдауға қалай рұқсат береді?!

Дәрігерлер мұндай ұшақтармен ұшу науқастар үшін де, өздері үшін де қауіпті екенін талай рет айтты. Бірақ оларға “Бұл сіздердің жұмыстарыңыз емес, ұшпасаңдар, жұмыстан кетесіздер” деп айтты.

Бұл айтылған апатты ұшақ тиесілі компания басшысына жетіпті…

Ал апатқа ұшыраған ұшақ тиесілі East Wing компаниясының президенті Виталий Масалитин қозғалтқышта ақау болуы мүмкін деген ақпаратты арнайы баспасөз мәслихатында жоққа шығарды. Әрине, ол солай дейді. Басқа не деуші еді?.. Ұсталмаған ұры емес демекші…

Қалай дегенмен де білдей бастықтың бұл ретте өз ойы бар екен.

“Жоқ, бұл жалған мәлімет.

Ұшақтың төмендеуі кезінде (…) диспетчер мен борт арасында байланыс болмаған, яғни экипаж болып жатқан жайт туралы ешқандай ақпарат бермеген. Ұшу кезінде қандай да бір келеңсіздіктер орын алатын болса, ол бірден диспетчерлер пунктіне баяндап отыруы керек, бұл барлығына бірдей тәртіп”, — деп түсіндірді Масалитин.

https://kaz.365info.kz/tagy-dariger-shakhyrtty-sanaviatsiya-zhete-almagan-shymkenttegi-naukhastyn-zhagdajy-ote-auyr-283095

Әуе компаниясының берген мәліметтері бойынша, Геннадий Цойдың 12 мың сағат тәжірибесі бар, ол Бішкектен кәсіби маман ретінде шақыртылған. Компанияда ол екі жыл жұмыс істеген. Қазақстандық Евгений Кутафиннің 400 сағат тәжірибесі болған. Ал қаза тапқан инженер-техник Бейшебек Акматбаевтың тәжірибесі мол, ол Қазақстанда бес жыл жұмыс жасаған.

Айта кетелік, 3 қазан күні Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиарейсін орындаған «АН-28» ұшағы сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кетті. Сосын сағат 19.15-те ұшақ Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшырап, өртенгені хабарланды. Бортта болған 5 адам қаза болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз