Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында шу шықты

Куәгер Қанат Әділхановтың сотта мәлімдеуінше, 1 қарашада, сотта куәлік етуден бір күн бұрын, оны ҰҚК департаментіне шақыртып, оған сотқа дейінгі тергеуде берген куәлігін еске салған. Әділхановтың айтуынша, департаменттегілер “осы куәліктен өзге ештеме айтпауға” кеңес берген.

Куәгерлердің екеуі де митинг туралы әлеуметтік желілерден білгенін және Макс Боқаевты 24 сәуірде Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында бірінше рет көргенін айтты. Атыраубаев бейбіт жиынға шығу арқылы конституциялық құқығын қолданғанын атап өтті.

Судья Гүлнәр Дәулешова прокурорға куәгерді куәлік ету қарсаңында нақты кім шақыртқанын анықтауын тапсырды.

233f9883-c532-4126-8237-963fcb3b8ee5_cx0_cy23_cw0_w987_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз