Әнші Қарақат Әбілдина бесінші сыныпта оқитын ұлының көлік жүргізген видеосын желідегі парақшасына жүктеп, сынға қалды.
Видеода Қыдырәлі алдына баласы Иманғалиды отырғызып, көлік тізгінін ұстатады. Көптің ойынша, бұл өмірге қауіпті, десе де кейбірі әншіні мақтаншаққа теңеп, сынның астына көмді.
Алайда, жұлдызды отбасы олай деп ойламақ емес. Әнші Қарақат ұлының өжеттілігіне таңданып, Қыдырәлінің берген тәрбиесіне сүйсінетіндігін жеткізді.