Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-8
USD
499
0.00
EUR
520
0.00
RUB
4.85
0.00

Мақпал Жүнісова қызын тұрмысқа дайындауда

2916

Мақпал Жүнісова өзінің қазірден бастап қызын тұрмысқа беруге дайындалып жүргенін жасырмады. Осы жылы Мерей 18 жасқа келеді, бір отбасының аяулы келіні атанар қуаныштың да ауылы алыс емес.

Ертеңгі күні өзінің атына сын келмес үшін, Жүнісова ханым қызының еркелігін тыйып, болашақ келін рөліне дайындауда. Әртіс жақында қызының ауланы сыпырып жатқан сәтінен видео жариялады.

«Мен қызыма өмірде ең бастысы жақсы өмірлік жолдас табу деп үнемі айтып отырамын. Болашақта жақсы жар, аяулы келін болып, дәстүрімізді сақтап, ардақты ана атағына ие болғаны маңызды. Ең бастысы ол еңбексүйгіш, қолынан бәрі келетін келін болуы керек», — деді Мақпал Жүнісова «Таңғы хабар» бағдарламасына берген сұхбатында.

 

Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші ажырасу тақырыбын талқылаған еді. Әншінің ойынша, барлығына ата-ана кінәлі, олар балаларын тым еркелетіп өсіреді.

Әртіс өздерінің некелерін сақтай алмайтын жастарды өткір сынға алды. Ол қаззіргі жастар еңбекке  үйренбеген, сын көтере алмайды дейді.

«Жастардың ажырасуы әртүрлі жағдайға байланысты ғой. Қазір көптеген келіндер барған жерінде жігіттің анасымен тіл табыса алмайды. Жастар көп ұйықтап үйренген, еңбекке баулымаған… осының бәрі кесірін тигізіп отыр деп ойлаймын. Біздің заманның жастарын ата-анасы ерте тұрғызып, үйдің тірлігіне, даланың тірлігіне үйреткен.  “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деп Абай атамыз айтқандай, сол заманда түскен келін де ерте тұрудан жалықпайтын, күні бойы тірлігін де жасап, баласын да бағып үлгеріп, ата-енесіне де мейіріммен қарайтын. Қазір қатігездік көп», —деп айтты Мақпал ханым «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз