Ирландық боксшы Конор МакГрегор (UFC) абсолют күрес чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен қарымта жекпе-жек күтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Жақсы жекпе-жек. Реваншты күтемін. Мен қайта ораламын”, – деп жазды ол Twitter әлеуметтік парақшасында.
Еске сала кетейік, жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек жаппай төбелеспен аяқталды. Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ.
Жаппай төбелеске қатысты UFC шешімі қандай болатыны белгісіз. Бұған қатысты ұйым алдағы уақытта өз шешімін шығаратын болады. Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.