Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мәйіті сөмкеден табылған 5 жасар қыздың әкесіне ақша ұсынды

192

Абдусалом Саидов тамыз айында Мәскеуге барып, адвокатымен бірге сот процесіне дайындалған. Бірақ айыпталушы Александр Семиннің отбасы оған қысым жасай бастаған, деп хабарлады centralasian.org.

“Маған екі мәрте ақша ұсынды. Әуелі алты миллион, одан соң он миллион рубль бергісі келді. Мен бас тарттым. Сосын Семиннің адвокаты менің үстімнен қорқытты деп арызданды. Адвокатым сот басталғанша Тәжікстанда бола тұруымды сұрады”, — деді Абдусалом Саидов.

Оның айтуынша, сот 22 желтоқсанда басталады. Күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 18 желтоқсанға дейін созған.

Айта кетейік, 28 жастағы Александр Семин биыл жазда 5 жасар көршісін зорлап, өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Қыз аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Полицейлер оның денесін үйге жақын маңдағы жырада жатқан спорт сөмкесінен тауып алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз