Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мафия!”. Ресейде өзбектің мықтысы ұсталды (видео)

Мигранттар арасында “Мафия” есімімен танымал Исажановты күш құрылымдары 4-наурызда қамауға алды. Екі күннен соң, ресейлік НТВ телеарнасында оны ұстау сәті көрсетілді.

 Репортажда жүзге жуық өзбек мигранты диаспора басшысына ай сайын 2 мың рубль төлеп келгені айтылған.
Сюжетте Исажановтың зәулім сарайы көрсетілді. Тергеу мәліметі бойынша, Туладағы бірнеше құрылыс нысаны мен кафе соның меншігіне қарайды. Исажановтың үйін тінту кезінде көптеген қаржы құжаттары, тапанша қаруы және Өзбекстан азаматтарының тізімі табылған.

Өзбектердің жалпыресейлік конгресінің басшысы Ибрагим Худайбердиевтің айтуынша, “Достастық” қоғамдық ұйымының өкілдері “қара бригадирлер” ретінде жұмыс істеп келген.

“Олар мигранттарды Ресейден шығарамыз деп қорқытып, ай сайынғы салықты төлемегендерді ұйым жертөлесінде ұрған”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз