Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
11
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Мәдина Әбілқасымова көп балалы отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты

Әбілқасымова мәжілістегі үкімет сағатында атаулы әлеуметтік көмек алып отырған Аманбаевтар отбасын мысалға келтірді. Көп балалы отбасы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы Құмарық ауылында тұрады. Отбасында 7 адам бар.

“Анасы бір жасқа дейінгі баласының тәрбиесімен айналысады, әкесі жұмыссыз, қалғандар кәмелетке толмаған 5 бала. Отбасының ай сайынғы табысы былтырғы 55 мың теңгеден осы жылы 92 мың теңгеге дейін ұлғайды. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді”, — деді министр жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу барысы туралы үкімет сағатында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған отбасыға қосымша қолдау шаралары көрсетілді.

“Мәселен, анасы жалақысы 50 мың теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. Яғни, мемлекеттен төленетін жәрдемақыдан бөлек қосымша 50 мың алып тұрды. Ал балалары мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етілді”, — деді Әбілқасымова.

Министр атап өткендей, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілген 9 айда:

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жан басына шаққандағы табысы 7 306  теңгеден 12 809 теңгеге дейін 1,8 (бір де сегіз) есеге өсті;

2017 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2 есеге жуық артып, бір адамға айына 4 870 теңгені құрайды;

отбасына арналған төлемнің орташа мөлшері бір тоқсанға 75 972 теңгені құрады;

44,4 мың адам кедейлік жағдайынан шықты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз