Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мәдина Әбілқасымова биыл 700 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыратын болды

123

 

Оның дерегінше, соңғы жылдары жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбек нарығына қосылады. Ал 2021 жылға қарай олардың саны 1,3 миллионға жетпек.

 

«Сол себептен мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген шаралар жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталып отыр. Олардың ішінде ең бастысы «Нәтижелі жұмыспен қамту» және «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары. Аталған бағдарламалар аясында былтыр 572 мың адам жұмысқа орналасып, білімдерін жетілдіру шараларына тартылды. Оның ішінде тұрақты еңбекке 318 мың адам орналастырылды. Осы жылы біз бұл көрсеткішті екі есе арттырамыз. Біздің мақсат – биыл 700 мың адамды жұмысқа орналастырып, білімді жетілдіру шараларымен қамтамасыз ету. Осы шаралар жұмыссыздық деңгейін бірқалыпты ұстап тұруға септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәдина Әбілқасыова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз