Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Мақсат Базарбаев “Музарттан” кетуінің себебін ашып айтты

Бір шетінен Мұзарттан кеткенім де дұрыс болды. Себебі, отбасыңмен, ата-анаңмен жайшылықта қыдырып, көшеде еркін жүргің келеді. Мұзартта жүріп ешуақытта жұлдыз ауруымен ауырған емеспін. Мен бұл ауруды мектеп қабырғасында басымнан өткерген едім”, – дейді Мақсат Базарбаев.

Көпшілік сол уақытта әншіні Мейрамбекпен сыйы жараспай кетті деп ойлаған-ды. Базарбаев аталған арнаның тілшілеріне болған жайды ашып айтты.

“Білмеген адамдар әртүрлі айтып жатады. Мен бар болғаны өзімнің жеке шығармашылығымды жалғастырғым келді. Арамызда ешқандай ұрыс, түсініспеушілік болмады. Әрине, көкейімде өкініш бар. Өкінбейтіндей тас жүрек емеспін ғой. Қарым-қатынасымызда еш сызат жоқ. Әлі күнге дейін қуанышымыз бен қайғымыз ортақ”, – дейді әнші.

Алайда әріптесі Сәкен Майғазиев оның бұл сөздерін жоққа шығарғандай болды.

“Бұл топтың ортақ шешімі болды. Аспаннан түскендей болмай-ақ қояйын. Сол кезде біреулер біреуді жазғырып та, кінәлап та жатты. Оның барлығын Алла көріп тұр. Солай болуы керек болғандықтан болды. Бұдан Мақсат та, Мейрамбек те хабардар”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз