Мемлекеттік аппарат түрлі тоқпаққа жиірек ұшырай бастады. Десек те, кадрлық ауыс-түйістердің көкесі алда тұрған сыңайлы.
Қазақстанды басқарушылардың жұмысы күн сайын арта түсуде: басқасы аз болғандай,
оған цифрландыру бағдарламасы мен ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын қайта форматтау және билік транзитінің сценарийлерін дайындау бойынша билік вертикалін өзгертудің кезекті кезеңі іске қосылды.
Билікті жергілікті жерлердегі белсенді наразылық алаңдатып отыр. Мәселен, «Қазақмыс» пен «АрселорМиттал» кәсіпорындарындағы бас көтерулер.
«Самұрық-Қазына» қорында, Жоғарғы сотта, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, Бас ппрокуратурда ротация жүзеге асып, вице-премьер, ауыл шаруашылық министрі, Жамбыл облысының әкімі ауысты.
Басшылықтағы өзгерістер мұнымен шектелмейтін сыңайлы.
«Саясат» порталы Қазақстанның мемлекттік қайраткерлерінің рейтингін дайындап, олардың қазіргі жағдайының қауіп-қатерін айқындапты.
21 сарапшы шенеуніктердің қызметін, олар жетекшілік ететін сала жұмысының және президент тапсырмаларын орындаудың нәтижелері бойынша бағалапты.
https://kaz.365info.kz/m-simov-prezidentti-ma-ajyn-zhem-orlardan-tazartuda-ajs-ltan-nazarbaev-245777
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов өзіне тапсырылған міндеттерді өзіне тән «өгіз аяң» мәнерімен біртіндеп жүзеге асыруда. Мақсат сол баяғы: экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету («Кибер қалқан»). Кейбір келеңсіздіктерге қарамастан, Мәсімов жетекшілік ететін ведомство Әбіләзовтің «тынысын» тарылтып, қашқын олигархты тырп еткізбеуге тырысуда.
Сенім мандаты мәселесіне келетін болсақ, сарапшылардың барлығы дерлік мемлекет басшысының АҚШ сапарындағы делегация құрамында Мәсімовтің болғанына назар аударыпты. Бұл дегеніңіз, Кәрім Қажымқанұлының мемлекет басшысына қаншалықты жақын екенінің айқын көрінісі.
Кадр ротациясына ұшырауы мүмкін деген шенеуніктердің тізімінде Кәрім Мәсімовтің де аты аталуда:
«Билік дәлізінде кейбіреулер ол үкіметке қайта оралды деп жүр. Бұл әңгіме негізсіз емес – өйткені
бәз-біреулер “басқарушы ретінде Қазақстанда Мәсімовке пара пар тұлға жоқ”, деген пікірге қайта жан бітіруге ұмтылуда.
Сөйтіп, Мәсімовті барлық қырсықтың дауасы ретінде көрсеткісі келеді».
Ендеше, соңғы жылдарда өзін Елбасының ешкім алмастыра алмайтын сенімді серігі ретінде танытқан Кәрім Қажымқанұлының үкіметке қайта оралуы қаншалықты мүмкін екен?
https://kaz.365info.kz/k-rim-m-simov-aza-tar-a-alaj-zha-ynaryn-bilmej-zh-r-220144