Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мәжіліс Жер кодексіне мораторий мерзімін ұзарту туралы заң жобасы бойынша жұмысын бастайды

Осы ретте бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тиісті қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №308 Жарлығын орындау үшін әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты – шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын берумен байланысты нормаларға қатысты бөлігі бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2  қарашадағы ҚР Заңының қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту болып табылады», – деді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров.

Осы орайда депутат комитеті аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қортынды әзірлеуге дайын екенін мәлім етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз