Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мәссаған! Путиннің мына сөзінен кейін Трамп қайтер екен

Мәскеуде қорғаныс министрлігінің қорытынды жиынында Путин Ресей ядролық қуатын нығайту керектігін және келешекте жасалуы ықтимал кез-келген зымыраннан қорғаныс жүйесіне тойтарыс бере алатын зымырандары болуы тиіс екенін айтты.

Дәл осы күні АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарды өзінің ядролық қуатын арттыруға шақырды. Кейін Трамптың баспасөз хатшысы Джейсон Миллер сайланған президент негізінен қазір әлемде ядролық қарудың кең тарау қаупі туындағанын және оның әсіресе террористік ұйымдар мен билігі тұрақты емес елдерде кең таралуына кедергі келтірудің аса қажетін меңзеді деді.

Ресей мен АҚШ бұл мәлімдемелерді 2010 жылы жасалған Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды ары қарай да шектеу мен азайту туралы келісім аясында ядролық арсеналдарын азайтуға міндеттеме алғаннан кейін айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз