Ауғанстанда ұсталған террорист Атырау облысының тұрғыны болып шықты. Лаңкес бұнда жанкештілерге мина әзірлеп, өздерін жаруға үйретуге келген беті екен.
Ауған арнайы қызметінің операциясы кезінде тұтқындалған 28 жастағы Дамир Зналиевті қазір Қазақстанға қайтару мәселесі шешіліп жатыр.
Дамир Зналиев атышулы «Халифат сарбаздары» лаңкестік ұйымын құрып, соған жетекшілік еткендердің бірі. Дәл осы дінінен адасқан топтың мүшесі 2011-ші жылдың қазан айында Атыраудағы облыстық прокуратураның алдында өзін жарып жіберген еді. Жас жігітке мұнайлы өңірде қос бірдей жойқын жарылыс жасауға кейін Дамир Зналиевтің бұйрық бергені анықталды.
Дереккөз: КТК