Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Мәскеуде тыңшылық жасады деген айыппен украин журналисі ұсталды

47 жастағы “Укринформның” Париждегі тілшісі, Украина азаматы Роман Сущенко құқық қорғаушыларға 30 қыркүйекте өзін ұстағанын хабарлаған. Оған психологиялық қысым көрсетіп, әйеліне қоңырау шалуға рұқсат бермеген. Журналистке Қылмыстық кодекстің «тыңшылық» жасады деген бабы бойынша іс қозғаған. Бұл бапқа сәйкес 10 жылдан 20 жылға дейін түрме жазасы көрсетілген. Украинаның Мәскеудегі консулы Сущенконың ұсталғанын растады.

“Укринформ” ұлттық ақпараттық агенттігі Роман Сущенконы ұстау Мәскеудің алдын ала ұйымдастырған арандату әрекеті деп біледі. “Тыңшылық жасады” деген барлық айыптар журналистің көп жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіби беделіне нұқсан келтірді. Еуроодақта аккредитацияланған, “норманд форматының” қатысушысы болып келген журналистке қатысты Ресейдің әрекеттерін өрескел әрі заңсыз акті деп бағалаймыз”, – деп атап өтілген агенттік мәлімдемесінде.

“Укринформ” мен журналистің әйелі ресейлік адвокат Марк Фейгинмен Романның қорғаушысы болу жөнінде келісімге отырған. Адвокат қазіргі уақытта мәскеудің “Лефортово” тергеу изоляторында.

“Укринформ” журналистік қауымдастықтан, халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан, Украинаның дипломатиялық мекемелерінен және шетелден Роман Сущенконың босатылуына жәрдемдесуін сұрады.

863ec313-b84b-4545-8d16-226f2deab16c_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз