Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мәскеуде құл болған қазақ қыз-жігіттері: “Бізді аяусыз ұрып-соқты, күні-түні жұмысқа жекті…” (видео)

287

 

Жәнібек Қаныбек жүйкесі сыр беріп, одан енді емделіп келе жатқанын айтады. Әр түн сайын ол мұздай суық терге малшынып, шошынып оянады екен.

– Ол жерде жұмысшыларды аяусыз соққының астына алды. Бергендерін тамақ деуге келмейді. Күнде көгеріп кеткен нан жейтінбіз. Ұйықтау да мүмкін емес, дүкен іші суық. Оны тозақ деп айтса да болады.

Оңтүстік Қазақстан тұрғыны 2013 жылы сәуірде нәпақа табу үшін Мәскеуге барады. Бозбала Гольянов ауданындағы қожайындары апалы-сіңілі Ыстанбековтар болып табылатын азық-түлік дүкеніне жүк тиеуші болып жұмысқа алынады. Бұрын Қазақстан, ал қазір Ресей азаматтары атанған олар жігітке айына 95 мың теңге айлық төлеуге уәде береді. Алайда жұмысқа кіріскенде бозбаланың құжаты мен телефонын тартып алынады. 2 жарым жыл бойына ол көгерген нан жеп, суық қоймада жатқан. Тоңдым дегенде оның аузына араққа құйған. Жәнібек дене зақымы түк те емес дейді.

Жәнібек Қаныбек:

– Қыздарды зорлайды. Жат деп үгіттейді. Мысалы, маған құлдықтағы бір қызды зорла деді, мен бас тарттым. Ол үшін оңбай таяқ жедім. Бірақ мен қарындастарға тиіспедім. Ол арада қыздардың аузына зорлап арақ құйып, мас қылып, еркектермен жатуға мәжбүрлейді.

Жігіт қанша рет қашуға тырысқанымен, барлығы нәтижесіз болған. Жергілікті полиция мұның шағымын қабылдамай да тастаған, өйткені ол шетелдік екен. Ал дүкен қожайындары оны үнемі вокзалдан ұстап алатын болған. 2015 жылы қыркүйекте ол әупірімдеп жүріп, үйіне аман-есен оралады. Ол өзіне ұқсас жайтқа байланысты іс қозғалғанын естіп, арыздануды жөн деп санайды.

Несібелі Ибрагимова:

– Тек ескі нан ғана! Көбіне су береді, болды. Басқа ешнәрсе бермейді. Дүкенде түнедік. Барлығын шетінен ұрып-соғатын. Дүкен ішінде жұмыс істейтін жұмысшылардың барлығы соққыға жығылады.

Несібелі Ибрагимова да Мәскеуде құлдықта болған. Ол 7 ай тегін жұмыс істеген. Оған желтоқсан айында қашуға ресейлік белсенділер көмектескен. Алексей Никитин қашқынды өзіне қонақ етіп, одан соң ұшаққа билет әперіп, Отанына жөнелткен.

Алексей Никитин, «Альтернатива» қозғалысының белсендісі:

– Мен оны өзіміздің аудандағы жарақат танатын бөлімге алып бардым. Дәрігерлер жарақаты барын тіркеді. Мен Несібеліні көргенде екі бүйірін таянып қалыпты, оның алған жарақаттары болды. Иә, мен дәрігер жазып берген дәрілерді сатып алып бердім. Жарақатқа май жақтық. Ұрып-соққаннан қалған жарақат.

Мәскеулік құтқарушылар азық-түлік дүкеніне барып көрді. Сөйтсе ол 13-қаңтардан бері жабылып, мөрленген екен.

Негізінен, 5 жыл бұрын қоғам белсенділері бұл дүкеннен Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарын босатқан болатын. Бірақ неге екені белгісіз, дүкен қожайындары ол кезде жаза алмаған. Оған қоса олар қылмысты әрекеттерін ары қарай жалғастырған.

Динара Оспанова, ҚР адам құқығы жөніндегі өкілдіктің сарапшылар жұмысы аппараты басқармасының басшысы:

– Біз Ресейдің адам құқығы жөніндегі өкілеттілікке сауал жолдадық. Оларға осы істе көмектесіп, кінәлілерді анықтауға ат салысуын сұрадық.

Өз кезегінде ресейлік омбудсмен Татьяна Москалькова әріптестерінің бұл сұрауын қабыл алып, мәселенің мән-жайын анықтауға уәде етті.

Оның айтуынша, Несібелі қашып кеткен соң дүкен қожайындары құлдықтағы барлық жұмысшыны белгісіз жаққа алып кетіп, жоқ болған.

Онда тұтқында болғандар дүкенде әлі бірнеше Қазақстан азаматы барын айтқан. Әзірге олардың тағдыры туралы мәлімет жоқ. Алайда бұл іс қоғамдық толқу туғызып, зардап шегушілер де құқық қорғау органы өкілдеріне көмектесуге дайын екендіктерін айтып отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=6fltMUhO1fc

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз