«Премьер-министр Кәрім Мәсімов өзінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа сөзді екшеп барып айтуға кеңес берді. Ескерту Үкімет отырысы кезінде айтылды».
Бұл туралы Today.kz порталы жазады.
Бірқатар әкімдер сөз сөйлеп болғаннан кейін, Сағынтаев өз пікірін білдіре отырып сөз алған болатын.
«Кәрім Қажымқанұлы су бойынша, ОҚО әкімінің Тәжікстанмен сөйлескені туралы айтқаны, Ташкентте әріптестермен сөз болған – тәжіктердің ұсынғаны, міне сызба, бүгін біз келіссөз жүргізіп жатқан мәселелер бойынша. Былтырғы жылы мен Қырғызстанмен тауар алмасу мен энергетика бойынша жұмыс істедім, тәжіктердің айтқаны – егер бізбен осы жолмен жүрсеңіздер, сатып алсаңыздар… Онда қырғыздармен байланыспай-ақ қойыңыздар, біз суды өзімізден жібереміз», – деп Сағынтаев бастай бергенде жетекшісі сөзін тоқтатты.
Сағынтаев кешірім сұрап, баяндамасын жалғастырды.
Естеріңізге салсақ, мұның алдында үкімет отырысында премьер министр, келесі отырыста сібір жарасы, Қазақстанда еңбекақы төлеу мәселелері қарастырылатындығын айтқан.